Биыл колледждегі техникалық мамандықтарға бөлінетін грант саны 50 мыңға артады деп хабарлады turkystan.kz.

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринованың мәліметінше, тегін техникалық және кәсіптік біліммен, ең алдымен, әлеуметтік осал отбасылардың балалары қамтылады. Басымдық металлургия, IT, құрылыс, инженерия және қызмет көрсету салаларына беріледі.

Қазір бұл мамандықтарға қабылданған студенттердің саны 61 мыңға жеткен. Сондай-ақ енді кадрларды даярлау кәсіпорындардың өтінімі бойынша жүреді. Бұл түлектерді толығымен жұмысқа орналастыруға мүмкіндік бермек.

Осы оқу жылында кәсіпорындардың тапсырысы бойынша 10 мың студент қабылданса, келесі оқу жылында тағы 10 мың талапкерді қамту жоспарлануда.

«Бүгінгі күні мемлекеттік 498 кәсіпорын 410 колледжбен келісім жасап, бірлесіп жұмыс істеуді бастап кетті. Қазір кәсіпорын өкілдері 300 мыңнан аса студентті тағылымдамадан өткізіп жатыр», – деді Шолпан Каринова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!