Әлеуметтік желіде 2005-2015 жылдары шығарылған полиция машиналарын сату туралы оннан астам хабарландыру пайда болған.

Полиция көліктері сатылады. Әлеуметтік желіде 2005-2015 жылдары шығарылған полиция машиналарын сату туралы оннан астам хабарландыру пайда болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Тіпті жол талғамайтын көлік пен бизнес-классы да бар. Сатылымдағы көліктер Астананың Сарыарқа ауданында орналасқандығы көрсетілген.

Атырау облысында да мұндай хабарландыру жетерлік. Жарнаманы ұсынып отырған әкімдік. «Бұл құзырлы мекеменің жекешелендіру тапсырысы» дейді олар. Ал қалалық Полиция департаменті көліктердің не себепті сатылымға шыққаны туралы айтпай отыр.

“Атырау облысы Полиция департаментіндегі теңгеріміндегі 64 бірлік құралын сауда-саттыққа шығару жұмыстарын жүргізілуде. Сауда-саттық аукцион екі әдіспен өткізіледі, бағаны көтеру және бағаны төмендету. Бірінші саттықты өткізу қараша айына жоспарланған”, – дейді Атырау облыстық қаржы басқармасының бас маманы Айнұр Шомирова.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!