Өткен жылдың 15-16 желтоқсанында Санкт-Петербург қаласында өткен Еуразиялық ғылыми форумға Қызылорда «Болашақ» университетінің қатысқанын жариялаған болатынбыз (https://aqmeshit-zhastary.kz/bez-rwbriki/bolashaq-wniversiteti-resejde-oetken-ewrazijalyq-ghylymi-forwmgha-qatysty-41711/?fbclid=IwAR04m0f9XlrCtZ9M4FKAl7C-gqqzvjdY168wW1s6nuIfztJocHzwfcLCdnM). Форум аясындағы ғылыми сессиялар, симпозиумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер жұмыстарында университет ғалымдары өз пікірлерін білдірді.

Аталмыш форум аясында Қызылорда «Болашақ» университеті ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы Университетпен ғылым және жоғары білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім-шартқа отырды. Осы Келісімнің мәні екі университет арасындағы ғылым, білім, мәдениет саласындағы ынтымақтастық болып табылады. Профессор-оқытушылар құрамының елеулі интеллектуалдық әлеуетін пайдалана отырып, Тараптар бірлескен ғылыми (зерттеу, ұйымдастырушылық, білім беру), білім беру, ақпараттық-сараптамалық, тарихи-мәдени және басқа да бағдарламаларды жүзеге асырады, түрлі ғылыми конференцияларды, тақырыптық іс-шараларды, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды үйлестіреді, еуразиялық ғылыми, білім беру және әлеуметтік-мәдени өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында баспа материалдарымен алмасуды жүзеге асырады.

Халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында университеттер 11 бағытты қамтитын бірлескен ғылыми-зерттеу, білім беру және шығармашылық іс-шараларды ұйымдастырады:

  • бірлескен инновациялық, ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру, оның ішінде Еуразиялық ғылыми форумын, «Интеграцияға арналған Вектор» халықаралық Еуразиялық кешенді олимпиадасын өткізу, «Еуро-Азия зерттеулері» халықаралық баспа жобасын жүзеге асыру, Еуразияның жас ғалымдарына арналған ғылыми іс-шараларды өткізу;
  • халықаралық білім беру, ғылыми және басқа да жобалар мен бағдарламаларға бірлесіп қатысу;
  • түрлі ғылыми жобаларды іске асыру үшін бірлескен инновациялық ғылыми-зерттеу лабораторияларн және уақытша ұжымдық топтарды ұйымдастыру;
  • магистратура және PhD бағдарламалары бойынша бірлескен даярлау бағыттарын ұйымдастыру;
  • қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді ғылыми тағылымдамалар бойынша оқытушылар мен магистранттармен алмасу;
  • әріптес университеттер базасында өткізілетін түрлі ғылыми іс-шараларға (семинарлар, конференциялар, вебинарлар және т.б.) қатысу үшін ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен студенттерді тарту;
  • дәріс курстарын оқу үшін оқытушылармен алмасу (соның ішінде қашықтықтан);
  • ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесін нығайту және кеңейту;
  • білім алушылардың академиялық ұтқырлығын (алмасуын) жандандыру;
  • бірлескен монографияларды, оқулықтарды, оқу құралдарын, ғылыми жұмыстар жинақтарын және басқа да оқу-әдістемелік материалдарды жариялау;
  • әріптес университеттің жағымды имиджін қалыптастыру.

Сонымен қатар, Қызылорда «Болашақ» университеті Санкт-Петербург қаласында орналасқан өзге жоғары оқу орындарымен экономика, менеджмент және агротехникалық салаларға сәйкес қосдиплом алу мүмкіндігіне ие болу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қызылорда «Болашақ» университеті

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!