Бүгін, 23 сәуірде сағат 18.00-де Қызылорда қаласында Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына арналған «ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗЫ» атты мерекелік концерті өтеді.

Концерттік бағдарламада Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов, Сұлушаш Нұрмағанбетова, Алтынбек Қоразбаев, Гүлнәр Сиқымбаева, Жеңіс Сейдуллаұлы, Жеңіс Ысқақова, Игорь Благодарный, Айгуль Иманбаева, Асхат Үрпеков, Шаба, Нұрлан Албан, Бауыржан Исаев, Зарина Жакенова сынды әртістер мен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрі өнер көрсетеді. Кіру тегін!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!