Украинадағы соғысқа байланысты әлемде аш жүрген адам саны тағы 20 миллионға артуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». Былтыр жер шарында тойып тамақ ішпейтіндер қатары 200 миллиондай болған. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік бағдарламасы мәлімдеді. Халықаралық ұйымның хабарлауынша, соғыстан Украина порттарында 6 миллион тонна бидай мен 14 миллион тонна жүгері қалып қойды. Сарапшылардың айтуынша, өнім шетелге тез шығарылмаса, әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігі шиеленісе түседі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!