Ленин атындағы шахтада қаза болғандардың тізімін жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қарағанды облысының әкімдігі жариялаған тізім төмендегідей:

1. Бойченко Дмитрий Игоревич, 1991 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі – 8 жыл. Артында анасы қалды.

2. Санжаров Андрей Павлович, 1980 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі – 21 жыл. Ата-анасы мен екі баласы қалды.

3. Инкин Денис Анатольевич, 1984 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Марқұмның соңында әкесі, жұбайы, қызы және асырауындағы тағы бір адам қалды.

4. Қашкей Арман Қадыржанұлы, 1993 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Жұмыс өтілі – 8 жыл. Артында ата-анасы қалды.

5. Ынтыбеков Марғұлан Серікұлы, 1996 жылы туған, бұрғылау қондырғысы машинисінің көмекшісі. Жұмыс өтілі – екі ай. Марқұмның артында әкесі қалды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін  «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин атындағы шахтасында газ жарылуы салдарынан бес жұмысшы қаза тапты. 

Бұдан бұрын «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің директоры Арман Қалықов апаттың себебін атаған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!