Интернет-жарнама және онлайн платформалар туралы заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Алматыда сайт жетекшілері және блогерлермен кездескен Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Бұл заң жобасы шеңберінде қолданушылардың жауапкершілігі күшейеді. Шетелдік платформалардың қызметі қазақстандық заңнамаға сәйкес реттеледі. Әлеуметтік желі иелері өз интерфэйсін қазақстандықтар үшін мемлекеттік тілде ұсынуға міндеттеледі», – деді министр.Бұған қоса, министр қазіргі уақытта дәстүрлі БАҚ-тың бағыты концептуалды тұрғыда өзгеріп жатқанын, салаға қатысты заңнаманың жаңа жобасы жұртшылық назарына ұсынылғанын еске салып, оны белсенді талқылауға шақырды.Сондай-ақ, Дархан Қыдырәлі жалған ақпараттың таралмауына мұқият қарау, контент сапасына мән беру сияқты мәселелерге тоқталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!