kyzylorda-news.

Бүгін Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов аймақтың жыл қорытындысына арналған салтанатты кеште төбе көрсетті.

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі фейсбукке “Бүгінгі жұртшылықтың көңіліне жылу сыйлаған сәт. Абыройлы болыңыздар!” деген жазба қалдырып, суретті жариялады. Фотодан байқалғандай, ол облыстың қазіргі әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың жанында, кештің құрметті қонақтары жайғасқан қатарда отыр.

Айта кетейік, 7 жылға сотталған Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов биыл шілде айында бостандыққа шыққан болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!