20 қаңтарда Алматы қаласында ер адам қызды өлтіріп, артынша өзіне қол салған, деп хабарлайды Stan.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес қыз ер адамның сүйіктісі болуы мүмкін. 

«Бүгін Розыбакиев көшесі маңында кісі өлімі мен суицид болды. Ер адам салонға кіріп, кездесіп жүрген қызын өлтіріп, кейін өзіне қол салды», – делінген жазбада. 

Аталған дерекке қатысты пікір білдірген полиция департаменті қылмыстық іс қозғалып жатқанын мәлімдеді. 

«Сараптамалар тағайындалды. Кісі өлтіру мен өзін-өзі өлтірудің мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция өкілдері. 

#адам өлтіру#Суицид#Алматы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!