Әлеуметтік желіде «кредиттік рақымшылық жүргізілді және қарыздың барлық түрі есептен шығарылды» деген ақпарат тарап жатыр.

Осыған қатысты қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеме жасады.

Агенттік азаматтарды адастыратын бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

«Кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі бар азаматтарды қолдау үшін 2021 жылғы қазаннан бастап берешекті реттеудің бірыңғай міндетті тәртібі енгізілген. Дәйексіз мәліметтерге сенбеуді және ақпаратты тек ресми және тексерілген дереккөздерден алуды сұраймыз», – деп мәлімдеді агенттік.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!