https://massaget.kz

Қызылорда облысында білім ордаларынан 2020-2021 жылдары болған ірі мөлшерде бюджеттік қаражатты жымқыру фактілері анықталды. Өңірдегі сегіз мектеп директоры мен есепшілері ірі мөлшерде мемлекет қаржысын жымқырған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаменті соталды тергеу жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Qazaqstan.tv. 

Телеарна мәліметінше, Жаңақорған ауданында алты заңбұзушылық дерегі тіркелген. Жауаптылар мектепте мүлдем жұмыс істемейтін адамдарға еңбекақы аударып, құжатты бұрмалап келген.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы №112 мектептің күзетшісіне бір айда 6 миллион теңге үстемақы төленген. Осындай сыбайлас жемқорлық деректерінен кейін облыстағы барлық білім ошағына жіті тексеру жүргізілетіні белгілі болды.

«Бір ғана №51 орта мектеп бойынша ұрланған қаражат көлемі 117 миллион теңге болады», – деді облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашықов.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/76674/?fbclid=IwAR14WijqxQKoqccDe7nbJZzy24PJK1Hzr5FEg9QXEuio3ah_qAV1gPJ4q1A

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!