Мәжіліс конституциялық реформа туралы заң жобасы бойынша жұмысты бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нақтырақ айтсақ, Мәжіліс «Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде шешім қабылдады.

«Негізгі мақсат – референдум кезінде қолданылатын бюллетеньдерді сайлау бюллетеньдерімен біріздендіру. Мәжілістің бір топ депутаты заң жобасын әзірледі. Заң жобасы республикалық референдум өткізу кезінде бюллетеньдерге қойылатын талаптарды регламенттейтін ережені қамтиды. Бұл дауыс беру кезінде азаматтарға қолайлы жағдай жасайды», – деді Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов.

Айта кетейік бүгінгі Мәжілістің жалпы отырысында Айдос Сарым Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетіне ауысты.