sn.kz

Проблемаларды шешу үшін трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі комиссия жұмыс істейді.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдері Каспий теңізіндегі судың тартылу себебін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Каспий теңізінің су тапшылығының басты себебі, елдің Экология министрлігінің мәліметінше, планетаның бүкіл солтүстік жарты шарын шарпыған климаттың жылынуы.

«2006-2020 жылдар аралығында Каспий теңізінің су айдынына жауын-шашын аз түсті, ал булану процестері анағұрлым қарқынды болды, сонымен қатар, Еділ өзенінің бассейніндегі суы аз жылдарға байланысты орташа су ағыны да аз болды», – делінген министрлік хабарламасында.

Осы проблемаларды шешу үшін трансшекаралық су объектілерін бірлесіп пайдалану және қорғау жөніндегі комиссия жұмыс істейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы барлық трансшекаралық өзен бойынша, оның ішінде Жайық (Орал) өзені бассейні бойынша жұмыс топтары құрылған.

«Сондай-ақ Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарлары шеңберінде Жайық-Каспий бассейніндегі су шаруашылығы жағдайын жақсарту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Осы кезеңде өткізілген іс-шараларға 98 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. Айта кетейік, Ресей тарапы да осындай шаралар қабылдап жатыр», – деді министрлік өкілдері.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!