Оқу-ағарту министрлігі кейбір мектептердегі интернет жылдамдығының төмендігіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, кеше Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин кейбір мектептегі сапасыз интернеттің себебін айтқан еді.

«Мектептерді қаржыландыру әкімдіктердің құзырында. Сәйкесінше, мектептерді интернетпен қамтамасыз етуге қаржыны өңірлердің әкімдіктері мен мәслихаттары бөледі. Мектептерде интернет жылдамдығының төмендігінің бірнеше себебі бар. Олардың ішінде техникалық жағдайлардың жоқтығы (оптикалық талшықты желілер және т.б.). Сонымен қатар кейбір мектептерде жоғары жылдамдықты интернетке қосылуға техникалық мүмкіндік бар. Бірақ оның жоқтығы мектеп директорларының үнемдеуінен емес, әкімдіктер мен мәслихаттардың мектептерді қажетті тарифтік жоспарға қосу үшін жоғары сапалы интернетке бастапқыда жеткілікті көлемде қаржы бөлмейтіндігінен. Бұл жерде әрине, әкімдіктерден бөлінген қаражаттың жетіспеушілігінен мектеп директоры немесе білім бөлімінің басшысы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ете алмайды», – делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ министрлік әкімдіктерге мектеп ішінде Wi-Fi және жергілікті желілерді орнату үшін қосымша қаражат бөлуді ұсынуда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!