Әлеуметтік желіде 100 мың тонна алманың қар астында қалғалы жатқанын көрсететін видео тарады, деп хабарлайды Экспресс К.

Ауыл шаруашылығына қатысты контент салып тұратын «Qazag» YouTube-арнасындағы видеода автор сұраныс болмағандықтан босқа қалғанын айтқан. Ол сұранысты ескермей, артық өнім егудің салдары осыған соқтырғанын жеткізген.

Тонналаған алма аяқ астында жатыр. Қандай керемет, дәмі тіл үйіретін алмалар… Ешкімге де керегі жоқ тауар боп жатыр. Мұның бәрі енді босқа рәсуа болады. Амал жоқ, әйтпесе әлі де қатты. Үсік шалмаған,

— дейді автор.

Видеоға пікір жазған желі қолданушылары өз ақылдарын айтқан. Балалар үйі сияқты мекемелерге тегін тарату керектігін де жеткізген.

«Қазақстан бақтары» консорциумының басшысы Нұрлан Құраловтың айтуынша, биыл оның иелігіндегі корпорация 350 мың тонна алма өсірген. Алайда 250 мың тонна ғана жиналыпты. Ал 100 мың тонна бақтарда қалған. Өйткені оларды жинаудың мәні болмаған.

Негізгі проблема — сауда желілері ұсынатын төмен сатып алу бағалары. Бұл — бір келі үшін 200-250 теңге. Баға осы деңгейде бес жыл қатарынан қалып отыр. Сосын шығынның барлық түрі өсті. Егіннің бір бөлігін жинаудың экономикалық мәні болмады,

— дейді сарапшы.

Оның айтуынша, тығырықтан шығу жолы егіннің бір бөлігін экспортқа, Беларусь немесе Ресейге жіберу болуы мүмкін. ЕАЭО бойынша солтүстік көршілер тарапынан жемістерге сұраныс бар және олар бір килограмға кемінде 300 теңге төлеуге дайын. Бірақ оны тиеп-жөнелтуге Қазақстанның жеміс саласының тағы бір проблемасы — дайындау және өткізу жүйесінің болмауы кедергі келтіреді екен.

Жалпы, елде дәл осындай проблема бар екені жасырын емес. Мысалы, «Aqniet Agro Gardens» мекемесінің директоры Нұрболат Құралов Agroqogam.kz тілшісіне биыл 800 тонна алма жерде қалғанын айтқан. Мұндай жағдайлар өте көп.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!