Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Кариновамен кездесті. Басқосуда аймақтың білім беру саласының өзекті мәселелері талқыланды.

Өңір басшысы Сыр елінде Президенттің тапсырмалары жүйелі түрде орындалып жатқанын тілге тиек етіп, білім саласына ұдайы қолдау барын жеткізді. Сондай-ақ, мектептер салу, мұғалімдердің айлық жалақысына қаражат бөлу, ғылым саласын дамыту, дарынды балаларды қолдау мәселелері талқыланды.- Кез келген мемлекеттің дамуы тікелей білім және ғылым саласына байланысты, сондықтан бірінші кезекте білімге ерекше көңіл бөліп келеміз.

Биыл 6 мемлекеттік, 3 жеке мектепті пайдалануға береміз. Нәтижесімен жыл соңына дейін өңірдегі 2 апатты және 2 үш ауысымды мектеп мәселесін толық шешеміз. Жеке мектеп салуға ниетті инвесторлармен де қарқынды жұмыс бар, – деді облыс әкімі.Өз кезегінде, Шолпан Каринова білім саласындағы ортақ мәселелерді бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі екенін жеткізді.