Астананың 43 жастағы тұрғыны Есіл станциясындағы полицияның желілік бөлімшесіне көмек сұрап жүгінді, деп жазады inbusiness.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, ер адам 4 млн теңге және 6 мың доллар салынған сөмкені табуға көмек сұрады.

Сөмке иесі Денис Чернецский Алматы-Орал жолаушылар пойызымен Есіл станциясына достарына қонаққа келген. Үйге жеткен кезде ғана қомақты ақша мен құжаттар салынған сөмкенің жоқтығын анықтады. Ол көліктегі полиция департаментіне сөмкесінің жоғалғандығы туралы өтінішпен жүгінген.

«Көліктегі полиция департаментінің мамандары жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қомақты қаржы салынған сөмкені тауып, иесіне қайтарды», – деді полиция.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!