Полиция қызметкерлері Павлодар қаласындағы мекемелердің бірінде қару қолданылған жанжалдың қатысушысы болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ішкі істер министрлігінің ресми сайты жазады.

«12 қаңтарда Павлодарда Суроганов көшесінің бойындағы мекемеге келушілер арасында жанжал туындап, оның барысында жанжалға қатысушылардың бірі – ҚР ІІМ оқу орталығының қызметкері газ тапаншасын қолданған», – делінген жұма күні тараған полиция ақпаратында.

ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі “Бұзақылық” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Жанжалға қатысушылардың арасында бала күтіміне байланысты демалыста отырған Екібастұз қаласы ПБ қызметкері де бар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!