Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы бұл шешімі туралы партияның XXIII съезінде айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Бүгіннен бастап, Amanat партиясы төрағасы ретінде өкілеттігімді тоқтатып, партиядан шығу туралы шешім қабылдадым,

— деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермегені жөн, яғни саяси тұрғыдан бейтарап болуы қажет. Бұл — менің айқын ұстанымым деп айтты.

Мұндай қағида сайлауға қатысатын барлық күштерге тең мүмкіндік туғызады. Саяси жүйеде әділдіктің орнауына жол ашады. Партия атқарушы билікке тәуелді болмаса, оған халықтың сенімі нығайып, беделі артады,

— деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Amanat-тың жаңа төрағасы ретінде Мәжіліс спикері Ерлан Қошановты ұсынды. Мемлекет басшысының бұл ұсынысын партияның саяси кеңесі толық қолдады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!