Қазақстанның Мысырдағы Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Лама Шариф мемлекет атауындағы «стан» жұрнағын алып тастап, «Қазақстан» емес, «Қазақ мемлекеті» деп ұсыныс тастаған болатын.

Аталған жағдайдан соң, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифке сөгіс жариялады.«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің 9-тармағының талаптарын сақтамағаны үшін», – делінген Ақорданың баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Лама Шариф КСРО мен отаршыл Ресей заманындағы атаулардан арылып, Елордаға Астана атауын қайтаруды ұсынған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!