Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды, деп хабарлады Ақорда.

Сондай-ақ, Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.Айта кетері, бұған дейін қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды барды. Оларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске берілді. Құтқарушылар өзімен бірге біраз құрал-жабдықты алып барды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!