«Болашақ университетінің мәселесі түбегейлі шешіліпті. Бақберген Досманбетов Мемлекет басшысымен кездесті, оқу орнының лицензиясы бір айдың ішінде қайтарылады» деген ақпарат әлеуметтік желілерде тарауда. Алайда бұл ақпараттар жалған болып шықты. Бұл туралы Болашақ университетінің ғылыми жетекшісі Бақберген Досманбетов мәлімдеді.

Құрылтайшының Президентпен кездескенін нақтылау үшін Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі хабарласқан болатын. Бақберген Сәрсенұлының айтуынша, бұл мәселе бойынша іс қайтадан соттың қаралуына берілген. 

«Президентпен кездескен жоқпын. Ол жалған ақпарат», – деді Бақберген Досманбетов.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!