Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың тағы бір видеосы қызу талқыланып жатыр. Танымал әнші кезекті сұхбаттарының бірінде қымбат киінуден жалыққанын айтып, Барахолка базарына баруды армандап жүргенін жеткізді, деп хабарлайды Экспресс К. 

Аталған бейнежазбаны Гүлзира Айдарбекова өзінің Instagram-дағы жеке парақшасына салған. Қайрат бұл сұхбатында жұлдызды өмірін баяндап берген.

Жаңа киімді бір-екі күн киемін, одан кейін сол күйі қалады. Өзім киімді достарыммен барып таңдағанды жақсы көремін. Кейде іздеген киімді таппай қаласың. Қымбат жерден ала бергің де келмейді,

— дейді Қайрат Нұртас.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!