Қала әкімі Асылбек Шаменовтың Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, 2022 жылдың IV тоқсанындағы халықпен кездесуі Белкөл, Тасбөгет кенттері мен Қызылжарма ауылдық округінен басталды. ​Шаһар басшысы алдымен Белкөл кентіне барды.

Бүгінде кенттің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өсу қарқыны жоғары. Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі түзу, қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Елді мекенді бөліп тұрған темір жолдың үстінен жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы жоспарға сәйкес жүруде.

Ауыз су мен электр энергиясын жеткізуде мәселе жоқ. Дегенмен, тұрғындар осы кездесуде әкімнен жаяу жүргіншілер жолын салып беруді сұрады. Қала әкімі Асылбек Өмірбекұлы өтініштің орындалатындығын, жыл басталысымен әлеуметтік нысандарға баратын көшелердің қос қапталына 1,5 шақырым болатын жаяу жүргіншілер жолының салынатындығын жеткізді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!