Мемлекет Басшысының Жарлығына сәйкес, еліміздегі жергілікті атқарушы органдар, әлеуетті құрылымдар басшылығы, мәслихат депутаттары және қоғамдық кеңес мүшелері азаматтарға арнап жеке қабылдаулар өткізуде. Мұндай қабылдау Қызылорда қаласында да ұйымдастырылды.

Қала әкімі Асылбек Шаменов пен қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев, қала прокуроры, қалалық полиция басқармасының басшысы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, талап-тілектерін тыңдады. Тұрғындардың басым көпшілігі негізінен әлеуметтік көмек алу тәртібі, инфрақұрылым жүргізу және жер кезегіне қатысты мәселе көтеріп, баспанамен қамту, кәсіпкерлікті қолдау жөнінде сауалдарын қойды.

Қабылдауда азаматтардың өтініштері мен сауалдары мұқият тыңдалып, заң аясында жан-жақты жауап берілді. Алдағы уақытта тұрғындардың уәждері бойынша мәселелер зерделеніп, салалар бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!