Күнделікті өмірде ақшаның қайда кетіп жатқанына аса мән бермейміз. Ал кей мамандардың пікірінше қалтадағы қаржыны дұрыс жұмсау кез-келген адамның әсіресе отбасылы жандардың қағидасына айналуы керек. Ал материалдық жағынан тұрақтылықта өмір сүрем десеңіз, алдымен бюджетті дұрыс басқара білген жөн.

Қаржы – бұл пайдалы құрал, оның көмегімен біз материалдық жағдайымызды толықтай бақылай аламыз, ақшаны жұмсарда және жинайтын кезде дұрыс шешім қабылдай аламыз, бос дүниеге кететін шығынды жоямыз, басқа да керекті затымызға қол жеткіземіз. Мәселен, үй немесе көлік алуға мүмкіндік бар.

Алға қойған мақсатыңыздың 100% орындалғанын қаласаңыз қаржыны жоспарлаудағы мына қағидаларды қатаң сақтаңыз:

1. Әр айдың бюджетін ойластырып, содан асырмауға тырысыңыз;

2. Шығындарыңызды қадағалаңыз;

3. Жоспарланғаннан асып кетсе, нақты шығындарға зер салыңыз;

4. Барлық шығындардан кейін қалатын соманы емес, бюджетте жоспарлаған соманы қалдырыңыз;

5. Оқыс оқиға болған жағдайда отбасылық шығындарға түсетін қаржылық қысымды жеңілдететін төтенше резерв құруды ұмытпаңыз;

6. Қаржылық мақсатыңызды дұрыс жоспарлаңыз: сізге қандай сома қажет екенін, қай күнге дейін екенін және оны жинау мүмкіндігіңізді нақтылаңыз;

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!