Бүгін 25 қаңтар, сағат 11.10 шамасында Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр 3 км көшесінде жеке кәсіпкер Н.Амановтың жаңадан салып жатқан спорт кешенінің төбе жабынын жабу жұмыстары барысында төбе ағаштарының құлауы салдарынан 5 азамат жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

4 азамат аудандық ауруханаға, 1 азамат теміржол ауруханасына «бас миының шайқалуы» диагнозымен қабылданды. Аталған факт бойынша аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!