Ұлттық статистика бюросы пәтер жалдау құны өскен аймақтардың тізімін дайындады. Алғашқы үштікте Алматы, Петропавл мен Көкшетау қалалары тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Еліміздің солтүстігінде пәтер жалдау жоғары қарқынмен өскен. Сарапшылардың пікірінше, тұрғын үй бағасымен бірге пәтер жалдау құны да өсіпті. Мәселен, жаңа тұрғын үй кешендеріндегі пәтер бағасы 1 жылда 8%-ға өсіп, шаршы метрі 486 мың теңгеге сатылып жатыр. 

Жаңа тұрғын үйлер Ақтөбе мен Ақтауда 25%-ға қымбаттаған. Ал қайталама нарықтағы үйлердің бір шаршы метрі 4%-ға қымбаттапты. Қазір шаршы метрінің бағасы 500 мың теңге екен. Дегенмен жылжымайтын мүлік нарығында сатылым деңгейі 40%-ға азайған. 

Сондай-ақ жалдамалы пәтер құны да өскен. Қазір пәтердің әр шаршы метрін орташа есеппен 5 мың теңгеге жалдайды. Баға өсімі бойынша алғашқы үштікте Көкшетау көш бастады. Одан кейін Петропавл мен Алматы қалалары тұр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!