Бибісара Асаубаева әлеуметтік желіде неліктен қазақша сөйлемейтінін түсіндірді. Сөзінше үйренуге дәл қазір уақыты жоқ деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шахматшы қыз бұған дейін желіде “үйренуге уақыт жоқ” деген сөзімен басы дауға қалған. Ол оқырмандарының бірі қойған сауалға осылай деп жауап береді. Яғни қазақ тілінде неліктен сөйлемейсіз деген желі қолданушысына Бибісара Асаубаева былай жауап жазған еді.

“Менің кестем өте тығыз. Отбасымызда негізінен орыс тілінде сөйлесеміз. Қазақшаға уақыт жоқ. Оның үстіне сәуір айында 3 турнир бар, ал мамырда екі жарыс күтіп тұр. Сондықтан маған ойынды немесе тіл үйренуді таңдау керек. Бірақ мен тырысамын”, – дейді ол. 

Қоғамда біраз талқылауға ұшыраған шахматшы қыз кейіннен әлеуметтік желіде тағы бір жазба жүктеді. Онда тіл мәселесіне байланысты туындаған дау тақырыбына нүкте қояйық деген. 

“Бұл тақырыпты жабайық. Өйткені мен 2 жасқа толғанда биологиялық әкем бізді тастап кетті. 15 жыл бойы мен өгей әке тәрбиесінде болдым. Ол қазақ емес, шешен. Содан да болар біз үйде орысша сөйлейміз”, – дейді Бибісара Асаубаева.

Еске салайық, бұған дейін шахматшы қыздың “Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері” атағын алғаны жазылған еді. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!