Ертең 15 сәуірде ел аумағында қатты жел, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, найзағай, тұман және -3 градусқа дейін үсік күтіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жетісу өңіріндегі Алакөл көлдерінің маңында желдің екпіні 30 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Ауа райының қолайсыздығы Алматы, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай және басқа да облыстарда байқалады.
Кейбір аймақтарда шаңды дауыл, қатты жауын-шашын мен күрт суыту болуы ықтимал.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!