Айта кетейік, Алматыдағы Рахат фабрикасының қызметкері өндіріс орнында оң қолынан айырылған, оқыс оқиға салдарынан мүгедек жанға айналған оған ұйым тиісті өтемақы төлемей отырған.

Алматылық заңгер Анна Димитриевич Instagram желісіндегі парақшасында «Рахат» кондитерлік фабрикасының зардап шеккен қызметкеріне қатысты даудың соңы немен аяқталғанын жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.Адвокат бұл дау ауызбіршілікпен шешілгенін атап өтті. Олар сотқа жүгінгенбеген көрінеді. «Әйел протез және емделу үшін 30 миллион теңге өтемақы алды. Зауыт болашақта екі ұлының еліміздің кез келген университетіндегі оқу ақысын төлеп береді. Сонымен қатар протездеуден кейін ол зауытта жұмыс істей алады», – деп жазды Димитриевич.Айта кетейік, Алматыдағы Рахат фабрикасының қызметкері өндіріс орнында оң қолынан айырылған, оқыс оқиға салдарынан мүгедек жанға айналған оған ұйым тиісті өтемақы төлемей отырған.

#Рахат #өтемақы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!