Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 39 жастағы жасөспірімнің анасы “102” арнасына хабарласып арызданған.

Қала тұрғынының айтуы бойынша, 14 жастағы жасөспірім 21 сәуір күні түнгі уақыт 21:30 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп,үйіне қайта оралмаған. Келеді деген үмітпен бойжеткеннің барлық достарына, оқытушыларына, туысқандарына хабарласып мән – жәйді түсіндіріп іздеу салады. Телефон арқылы іздеу салғандарынан нәтиже шықпағандықтан полицейлердің көмегіне жүгінген. Жоғалған жасөспірімді табуға Ақсай полиция бөлімі бүкіл жеке құрамы мен ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Жедел жүргізілген іздеу шараларының нәтижесінде 14 жастағы жасөспірім 22 сәуір күні кешкілік уақыт 18:00 шамасында қала орталығындағы көшелердің бірінен табылды. Ақсай полиция бөлімінің Ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері жасөспірімді аман-есен тауып, ата-анасына табыстады. Дін аман табылған жасөспірімнің анасы 102-ге хабарласқан сәттен бастап, түнімен полицейлердің дер кезінде ұйымдастырған іздестіру жұмыстарына риза болған анасы Қызылорда қалалық Полиция басқармасының басшылығына және түнімен іздестіру жұмыстарын жүргізген Ақсай полиция бөлімінің қызметкерлері ювеналды полиция қызметкерлеріне өз алғысын білдіріп, қызметтеріне тек қана жетістіктер тіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!