Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының 2022 жылғы 3 қарашадағы №104-ЖҚ бұйрығымен «Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Абдазиева Гүлзира Мәжитқызы тағайындалды.

Гүлзира Мәжитқызы 1971 жылы 9 сәуірде Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін «Орыс тілі және әдебиеті», 2015 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Заңгер» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1998 жылы Жалағаш ауданы, №31 орта мектепте тәлімгер болып бастаған. 1988-1992 жылдары №201 орта мектепте аға тәлімгер, 1992-2001 жылдары Қызылорда қаласы, №187 орта мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі, 2001-2009 жылдары №7 орта мектепте директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2009-2016 жылдары №211 орта мектебінің директоры, 2016-2021 жылдары №235 орта мектебінің директоры қызметтерін атқарды.2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін №7 мектеп-лицейінің директоры болды. Тағайындауға арнайы барған Мейрамбек Зинабдинұлы жаңа басшының қызметіне сәттілік тіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!