Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай 1 мамыр күні сағат 10:00-де орталық алаңда кең ауқымды мерекелік іс-шара өткізіледі.
Шарада жергiлiктi өнерпаздар мен елiмiздің эстрада жұлдызы Серік Ибрагимов қызылордалықтар үшін арнайы өнер көрсетеді. Мерекелік шараның тағы бір тартуы аспанға әуе шары ұшырылып, көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлайтын болады.
Сағат 10:00-де қалалық мәдени және демалыс паркінің жазғы маусымдық ашылу салтанаты ұйымдастырылатынын хабарлаймыз!
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!