Бүгін Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Амитов Шамшидин Егенбердіұлы жеке құрамға жаңадан тағайындалған департамент бастығының орынбасарын таныстырды.

Министрдің бұйрығымен полиция полковнигі Искаков Ермек Бердалыұлы Қызылорда облысының полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.Искаков Ермек Бердалыұлы 1971 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. 1993 жылы ішкі істер органдарындағы қызметін Қызылорда ОІІБ-ның Қылмысты іздестіру басқармасының жедел уәкілінен бастаған. Басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі мол. Әр жылдары Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, Сырдария аудандық полиция бөлімі, Есірткі бизнесіне қарсы күрес және Қызылорда қалалық Полиция басқармаларын басқарды. Полиция полковнигі Амитов Шамшидин жаңа орынбасарға табысты әрі жемісті жұмыс тіледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!