Қызылорда қаласы әкімінің 2022 жылғы 4 мамырдағы өкімімен Ахмет Берлібек Әнуарбекұлы қала әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Берлібек Әнуарбекұлы 1979 жылы дүниеге келген.

Жоғары білімді. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін «Қолданбалы математика» және «Болашақ» университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2000 жылы «Көлік қызметі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде компьютер бойынша инженері болып бастаған.

2004-2019 ж.ж облыс және қала әкімдігінде жауапты қызметтерді атқарған.2019-2022 ж.ж Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің басшысы, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарып келді.

Отбасылы, бір қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр.