Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Шәменов Асылбек Өмірбекұлы тағайындалды.

Еңбек жолын 1999 жылы «Қызылорда интеграция» компаниясының менеджері ретінде бастаған.

2007-2012 жылдары Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, сондай-ақ облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларында жауапты қызметтер атқарған.

2012-2018 жылдары Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары. 2018 жылдың мамыр айында Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді. Жалағаш ауданының әкімі қызметінде болды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!