2023 жылдың 25 сәуір күні сағат 20.00-ден бастап 26 сәуір күнгі сағат 06.00-ге дейін қаланың орталық ауыз су жүйелеріне және «Шанхай», «Әл-Фараби», «КБИ» тұрғын аудандарының орталықтандырылған ауыз су жүйелеріне жоспарлы жуу, шаю және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

Осы жұмыстарға байланысты 2023 жылдың 25 сәуір күні кешкі сағат 23.30-дан 26 сәуір күні таңғы сағат 06.00-ге дейін, қаланың және «Шанхай», «Әл-Фараби», «КБИ» тұрғын аудандарының орталық ауыз су жүйелеріне ауыз су беру уақытша тоқтатылатын болады.Ауыз суды пайдаланар алдында кранды ашып хлордың иісі толық кеткенше ауыз суды пайдаланбауды сұраймыз.Ведомстволық мекемелерде 2023 жылы 26 сәуір күні сағат таңғы 06.00-ден бастап суды ағызып хлордың иісі толық жойылғанға дейін жауапты кісілерді бекіту қажет.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!