Қызылорда облысында қаржылық пирамиданың қылмыстық әрекетін жүзеге асырған төрт адамға қатысты соттың айыптау үкімі шығарылды.

Қаржылық пирамиданың қылмыстық әрекеті «Гарант 24 Ломбард» ЖШС арқылы құрылған. Серіктестік мүшелері облыс аумағында қаржылық пирамида әрекетін ұйымдастырған.

«Қызылорда қаласының №2 соты тарапынан аталған қылмысқа қатысты төрт адамға айыптау үкімі шығарылды. Оның ішінде бір әйел бар. Олар тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды. Олардың әрбірі 7-8 жылдан бас бостандығынан айырылды. Серіктестік облыстың 1200-ден астам тұрғынын алдаған. Тұрғындарға жалған уәде беріп, ақша тарту бойынша кең көлемде жедел іс-шаралар ұйымдастырған. Сол арқылы заңсыз жолмен 1 млрд 560 млн теңгеден астам қаржы және өзге де мүліктерді жымқырған», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасынан.

Ведомство мәліметінше, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Қылмыстық істің апелляциялық тәртіпте қаралуы күтілуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!