«001» (табылған мәйіт) санатымен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.
Оқиға орны – Қызылорда қаласы, Белкөл кентіне қарасты далалық жерге жүргізілген қарап-тексеру барысында, адам сүйектеріне ұқсайтын бөліктер табылып, айғақты зат ретінде алынған.
Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған, қорытындылары күтілуде.
Тергеу органының болжамына сәйкес, оқиға орнына жақын жерлерде мазарлар тұрғызылуына орай, адам сүйегіне ұқсайтын заттар табылған орын ескі қорым болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, әрі қарай сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол берілмейді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!