Биыл 13 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Агенттіктің өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесе отырып, қылмысқа қатысы бар азаматты анықтаған.

Ресми мәліметке сүйенсек, 1988 жылы туған тұрғын өзін «Антикордың Қызылорда облысы бойынша Өзіндік қауіпсіздік қызметкері» ретінде көрсеткені белгілі болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа орналастыру сылтауымен қала тұрғынын алдау және оның сенімін теріс пайдалану арқылы 500 000 теңге иемденген «Ж» азаматын әшкереледі,

— делінген ресми хабарламада.

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Осыған ұқсас деректер бойынша ақпарат болған жағдайда Жемқорлыққа қарсы қызметіне мына телефондар арқылы хабарласуды сұраймыз: 1424, +7-778-788-39-30.

— деп жазды ANTIKOR News

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!