Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Гежуба Групп Цемент» компаниясының басшылығын қабылдады. Компанияның Бас директоры Ян Дан жұмыс қорытындысы мен алдағы уақытта межеленген жоспарларды баяндады.

Бүгінде зауыт толық қуатымен іске қосылған, 1 млн. тоннадан астам 6 түрлі өнім шығарып, аймақ экономикасының дамуына үлес қосып келеді. Аймақ басшысы кәсіпорын жұмысына сәттілік тілеп, өз тарапынан тиімді әріптестік орнатып, өндірістік жобаларға қолдау көрсетуге әзір екенін жеткізді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!