Қызылорда облысында Абаттандыру, көркейту-көгалдандыру бойынша бүгінгі таңда бірқатар шаралар қолға алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елді мекендерде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру шараларын өткізу мақсатында облыс аумағында климаттық жағдайға байланысты Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында 2023 жылдың 18 наурызы мен 20 мамыры аралығында, өзге аудандар мен Қызылорда қаласында 4 наурыз бен 6 мамыр аралығында сенбілік шараларының екі айлығы жарияланды.

Екі айға жарияланған сенбілік шаралары аймақ басшысының, зиялы қауым өкілдерінің, мекемелер мен кәсіпорындар қызметкерлерінің, жастардың, еріктілердің және қоғам белсенділерінің қатысуымен «Наурыз жаңару», «Таза табиғат», «Табиғатқа құрмет – отбасыдан басталады!», «Тал егу сауапты іс» сынды тақырыптарда апта сайын ұйымдастырылып өткізіліп келеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!