Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған «Сөздің кені, ойдың кемелі» атты республикалық ақындар айтысы 22 желтоқсан күні сағат 11.00-де Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында өтеді.

Бұл жолғы дүбірлі додаға есімдері алты алашқа танымал Тілеген Әділов, Айбек Қалиев, Рүстем Қайыртайұлы, Біржан Байтуов, Шұғайып Сезімхан, Мөлдір Айтбай, Ержан Әміров, Сұлтанхан Мейірбек, Сырым Әділбеков, Ердеңәс Әбдиев, Рай Дөңбай,Бексұлтан Орынбасар сынды жыр жампоздары өнер көрсететін болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!