10 сәуірде сағат 17:35 шамасында полицияға қала аумағындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында екі жасөспірім арасындағы төбелес туралы хабарлама түсті. Салдарынан олардың бірі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының (Бұзақылық) бойынша Полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.
Күдікті кәмелетке толмаған бала Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жеткізіліп, ата-анасының қарауына тапсырылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!