Қызылорда қаласындағы №263 дауыс беру учаскесінде бүгін шаңырақ көтерген жас жұбайлар дауыс берді.

Жас жұбайлар Әлібай Сапар мен Әйгерім Шахмарданова 101 мектеп мұғалімдері.

Сонымен қатар Әйтеке би кентіндегі Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжінде орналасқан №59 сайлау учаскесінде де жас жұбайлар дауыс берді. Жаңадан отау құрған Қайыржан Тілеуқабыл мен Әйгерім Асан отбасын құрған күні өз таңдауын жасады.

Жас жұптың өмірінде бұл алғашқы саяси науқанға қатысуы емес. Олар бұған дейінгі өткен сайлауларға да белсенді қатысып, өз таңдауларын жасаған.

«Президенттің бастамасымен 5 маусым күні референдум болатынын естігенде біз міндетті түрде қатысамыз деп бірге шешім қабылдадық. Бұл біздің азаматтық борышымыз», – деп атап өтті Қайыржан Тілеуқабыл.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!