Облыстық оғамдық даму басқармасының бастамасымен аймақ жастары арасында «Жастар спартакиадасы» өтеді.
Сайысқа 18-35 жас аралығындағы облыс азаматы болып табылатын, NEET санатындағы, жұмыссыз, мүмкіндігі шектеулі жастар, пробация есебіндегі жастардан құралған аудан және қала құрама командалары және жекелей қатысушылар қатысады.
Сайыстың қалалық және аудандық іріктеу кезеңіне қатысамын десеңіз, 2023 жылдың 5-19 маусымы аралығында аудандардағы «Жастар ресурстық орталықтарына» хабарласып, тіркелсеңіздер болады.
Қалалық және аудандық іріктеу кезеңінде жеңімпаз атанған құрама командалар мен жекелей қатысушылар сайыстың облыстық кезеңіне жолдама алады. Облыстық кезеңде топ жарып, жеңіске жеткен қатысушылар мен командалар қаржылай сыйлықтарға ие болмақ.