Автоблогер Дарын Еріков әлеуметтік желіде 2018 жылы шыққан Bugatti Chiron көлігін көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды Экспресс К

Қымбат көлікке Қызылорда қаласының мемлекеттік тіркеу нөмірін тағып көрсеткен блогер «көлік пен нөмір бір-біріне» жараса кетті дейді.

Дарын Еріковтің Дубайда бірден екі Bugatti-ге көзі түскен. Бірі — көк түсті, екіншісі — қара түсті.

Көк түстісін Қазақстанға ала кетеміз бе?

— дейді оқырмандарынан ақыл сұраған блогер.

Бірақ Дарын қара түсті Bugatti көлігін таңдап, оған Қызылорда қаласының мемлекеттік тіркеу нөмірін тағып көрсеткен.

Экспресс К тілшісіне сұхбат берген блогер көліктің бағасы 4 млн доллар екенін айтты. Бірақ оны кім сатып алып жатқанын құпия күйінде қалдырды. Тек сөз арасында бұндай қымбат көлікті сатып алып жатқан адам автокөлік және жылжымайтын мүлік саласындағы бизнесмен екенін айтып қалды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!