”ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГЫ” байқауының жеңімпазы – Жалағаш ауданының №123 мектеп-лицейі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қосжанова Салтанат.

Айта кетейік, байқаудың республикалық кезеңінде аудандық, қалалық және облыстық кезеңдердің қорытындысы бойынша 123 мұғалім «Үздік педагог – 2022» атағы үшін сынға түсті. Олардың ішінде 64-і үздік педагог атанды. Жалпы, байқаудың барлық кезеңін цифрландырудың арқасында биыл байқауға мұғалімдердің рекордтық саны, яғни 5,5 мыңнан астам мұғалім қатысты.

«АЖ» ақпарат

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!