«Білімнің жұлдызы – 2023» шәкіртақасы – «Dauletten» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен 2020 жылдан бері білімді, талантты жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылып келеді. Шәкіртақы оқуда, ғылымда және қоғамдық өмірде белсенді, талантты үздік студенттерді ынталандыру үшін беріледі.

Қор биыл колледж және ЖОО-ның студенттеріне мүмкіндік сыйлап, 200 студентке 100 мың теңгеден бір реттік шәкіртақы тағайындауды қолға алды. Іріктеуге Қазақстанның түкпір-түкпірінен шәкіртақыны алуға ниетті 854 студенттен өтінім келіп түсті. Келіп түскен өтінімдер арасынан тек қана 200 студент «Dauletten» қайырымдылық қорының «Білімнің жұлдызы – 2023» шәкіртақысының жеңімпазы атанды.

Құшағында қалың қазақ ұйысқан, алты алаштың анасы Сыр елінің тумасы. Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің студенті, Сыр өңірінде белсенді әлеуметтік жобаларымен және жастар саясатын дамыту жөніндегі бағдарламаларымен өзекті «Ой бренд» қоғамдық қорының жоба менеджері Расул Базарханұлы – «Білімнің жұлдызы – 2023» шәкіртақысын иеленді. 

Оның болашақ мамандығы «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні біліктілігі бойынша, «Негізгі орта білім беру мамандығы» яғни, ұстаздық қызмет. «Мағжан Жұмабаев атамыздың, «Алты алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын ұстаздыкі» – деген аталы сөзінен тәлім алуымыз керек. Себебі, бар маман: ғалым да, шахтёр да, әнші де, бәрі-бәрі де мұғалімннің алдынан өтері хақ. Өзімнің мәртебелі мамандығыммен әрдайым мақтанып жүремін. Болашақта білімді ұрпақ тәрбиелейтін білікті маман боларыма кәміл сенемін» – дейді Расул Базарханұлы өз сөзінде.

2022 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының бастамасымен, «Қазақстан жастары конгресі» ЗТБ  ұйымдастыруымен Республика көлемінде «Жас журналистер мектебі» жобасы іске асырылды. «Жас журналистер мектебі» жобасы аясында өзінің «Журналистикалық шеберлік» жобасын ұсынып, 150 000 тг шағын грант жеңімпазы атанды.

Мұқаев Дәулет Төлеутайұлы – Қазақстандық танымал блогер, экономист, журналист, «Dauletten» қайырымдылық қорының құрылтайшысы. Қазіргі уақытта Дәулет Төлеутайұлы –  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!